Alstom Қазақстанда
Astana
010000
Өңірдегі теміржол өнеркәсібін дамыту бағдарламасына негізгі қатысушы
Alstom компаниясы Қазақстанда 1000-нан астам қызметкер штатымен және екі зауытты қоса алғанда, жеті өндірістік алаңмен ұсынылған:
Біріншісі – электровоздарды өндірумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын, Астанада орналасқан «Электровоз құрастыру зауыты» (ЭҚЗ) және екіншісі – бағыттамалық жетектерді өндірумен айналысатын, Алматыда орналасқан «КазЭлектроПривод» (КЭП) бірлескен кәсіпорны. Alstom Орталық Азия мен Кавказ аумағында электровоздар мен бағыттамалық жетектерді жалғыз өндіруші, сондай-ақ осы өңірде теміржол өнеркәсібін жаңғырту және экономиканы дамыту бағдарламасына негізгі қатысушы болып табылады.
Қазақстан жаңа Жібек жолы арқылы Еуропаны, Таяу Шығысты, Азия мен Ресейді байланыстыратын маңызды көлік торабы ретінде әрекет етеді. Ұзындығы шамамен 21 000 км болатын қазақстандық теміржол желісі ені 1 520 мм жолтабанды пайдаланатын әлемде шамасы жағынан үшінші желі болып табылады және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар үшін едәуір нарықты білдіреді.
Alstom-ның Қазақстандағы өндірістік объектілері
Астанадағы «Электровоз құрастыру зауыты» (ЭҚЗ)
Alstom компаниясы қазақстандық теміржол желісіне арналған электровоздарды өндіру мақсатында Электровоз құрастыру зауытының (ЭҚЗ) объектісіне алғашқы тасты қалап, «Трансмашхолдинг»-пен (ТМХ) бірлесе отырып, 2010 жылғы маусымда Қазақстанның теміржол тасымалдары нарығына шықты. Бастапқы кезде бірлескен кәсіпорындағы акциялар Alstom-ға (25%), ТМХ-ға (25%) және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға (50%) тиесілі болды. Alstom, ЭҚЗ, ТМХ және ҚТЖ компаниялары Prima T8 «KZ8A» 200 локомотивін және Prima M4 «KZ4AT» 95 локомотивін беруге арналған келісімшартқа қол қойды. ЭҚЗ зауыты 2012 жылы пайдалануға берілді.
2016 жылғы ақпанда Alstom компаниясы акциялар үлесін 50%-ға дейін ұлғайтты, ал 2017 жылғы желтоқсанда қалған 25% акцияларды ҚТЖ-дан сатып алды, соның нәтижесінде Alstom компаниясы акциялардың 75%-ын иеленетін ЭҚЗ-ның мажоритарлық акционеріне айналды. 2022 жылғы наурызда ЭҚЗ 100% Alstom-ның иелігіне өтті.
2021 жылғы қазанда электровоздарды беру туралы келісімге және техникалық қызмет көрсету жөніндегі тиісті келісімдерге беру және техникалық қызмет көрсету көлемдерін Prima T8 «KZ8A» локомотивтерін 250-ге және Prima M4 «KZ4AT» локомотивтерін 119-ға дейін арттыру мақсатында өзгерістер енгізілді.
2014 жылғы мамырда Alstom компаниясы ADY-мен (Әзербайжан темір жолдары) 40 Prima T8 «AZ8A» локомотивін беруге арналған келісімшарт жасасты. 2022 жылғы ақпанда барлық локомотивтерді беру аяқталды.
2022 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша ЭҚЗ штаты 900-ден астам қызметкерді құрайды және компанияның қызметі ҚТЖ тапсырысы бойынша Prima электровоздарын беру және оларға техникалық қызмет көрсету болып табылады.
Алматыдағы «КазЭлектроПривод» БК
«КазЭлектроПривод» (КЭП) бірлескен кәсіпорны 2012 жылы құрылды және ҚТЖ үшін 10 000 бағыттамалық жетек беруге 90 млн еуро сомасына келісімшарт алды. Бүгінгі таңда КЭП активтерін Alstom және «SОP Trade» ЖШС тең басқарады. Жалпы алаңы 2 870 шаршы метрді құрайтын КЭП БК-де КЭП-ке ҚТЖ үшін P80 бағыттамалық жетекті беруді қамтамасыз ете отырып, 50-ден астам адам жұмыс істейді.
Alstom P80 – жоспарлы техникалық қызмет көрсету қажеттілігінсіз жұмыс істеуге арналған, бұл ретте қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ететін айырма электромеханикалық бағыттамалық жетек. P80 бағыттамалық жетектері Қазақстанда 2013 жылдан бастап коммерциялық пайдалануда және еліміздің теміржолдарында пайдалану үшін өзінің сенімділігі мен жарамдылығын дәлелдеді.
Астанадағы Сервистік орталық
Сервистік орталықта Prima T8 «KZ8A» және Prima M4 «KZ4AT» локомотивтері үшін қосалқы бөлшектерді беру мен тартқыш және тежегіш жүйелерді жөндеуді қоса алғанда, 25 жыл кезеңге арналған жөндеу-профилактикалық жұмыстар жүзеге асырылатын болады. 2017 жылғы шілдеден бастап жалпы алаңы 2,660 шаршы метрді құрайтын Сервистік орталықта 35-тен астам жоғары білікті маман жұмыс істейді.
Қазақстандағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Alstom Қорының Қазақстанда «Болашақ техникалық мамандардың құзыреттерін дамыту» жобасы шеңберінде Alstom компаниясы Орталық Азияның Еуразиялық Қорымен (ОАЕҚ) бірлесе отырып, Атбасар қаласы Агротехникалық колледжінің студенттері үшін мансаптық перспективаларды жақсартады.
«Тәлімгерлер» жобасы аясында Alstom компаниясы «Дара» Қорымен бірлесе отырып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ересек тәлімгер волонтерлермен қарым-қатынас жасау арқылы өзінің өмірлік әлеуетін ашуға және өз бетінше өмір сүру дағдыларын дамытуға көмектесуге ұмтылады.
Қазақстанда Alstom компаниясындағы жұмыс
Alstom компаниясына қосылып, Сіз алуан түрлі және халықаралық жұмыс ортасында мансап құру мүмкіндігін аласыз. Сіз жоғары білікті команданың бір бөлігіне айналып, елдің теміржол саласындағы неғұрлым маңызды жобаларда жұмыс істейтін боласыз
Alstom компаниясы Қазақстанда да, шетелде де ұсынатын даму мүмкіндіктері Сізге кәсіби мансап құруға және бүкіл әлемде орнықты мобильділікті дамытуға өз үлесіңізді қосуға мүмкіндік береді. Біздің стратегиялық жоспарымыз икемділік, инклюзивтілік және жауаптылық деген ортақ құндылықтарды қуаттайтын Alstom бірыңғай командасының қолдауымен іске асырылады.